Елордада 486 көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 486 көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды

09.12.2022

Елордада шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оның құрамында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының өкілдері де бар. Қылмыстық топ азаматтарды алдап, жыл басынан 486 көлікті заңсыз тіркеген.

Әр автокөлік үшін 400 мыңнан бастап 1,5 млн теңгеден артық ақша алып отырған. Күдіктілер сату-сатып алудың жазбаша үлгісін, мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасап отырған.

Осы іске қатысты 4 полиция қызметкері қамауға алынды. Мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде шығын келтірілді. Аталған іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 мүшесі, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу