Қаңтар айынан бастап қарағандылық кеншілер мен металлургтердің жалақысы өседі
Қаңтар айынан бастап қарағандылық кеншілер мен металлургтердің жалақысы өседі. Алпауыт компанияға қарасты барлық еңбек ұжымдарына 13-ші айлық беріледі. Сондай-ақ ай сайын қауіпсіздік бонусы ретінде 25 мың теңге үстемеақысы тағы бар. Бұл - барлық жұмысшыларға тиесілі.
Өңірдің жаңа әкімі Ермағанбет Бөлекбаев бүгін кеншілермен кездесті. Шахтерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл шаралар кәсіподақ пен келісім комиссиясының жұмысы негізінде жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта өндіріс ошақтарында жабдықтар жаңаланып, маман тапшылығын жою сынды мәселелер біртіндеп шешілмек.
Евгений Буслаев, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы:
Жалақы жылдың басында инфляцияға байланысты индексация негізінде көтеріледі. Яғни ұлттық банк бекіткен пайыз мөлшерінде ұжымдық келісімшарт негізінде көбейеді . 13-і айлық пен 25 мың теңге ай сайынғы қауіпсіздік бонусы төленеді. Кәсіподақ пен келісім комиссиясы бұл бағытта ұзақ уақыт жұмыс беруші тараппен келіссөздер жүргіздік. Алдағы уақытта жұмысшылар көтерген өзге де мәселелерге баса мән берілетін болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10