Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президентке 7-шақырылымның үшінші сессиясы аясында атқарылып жатқан заң шығару жұмыстары баяндалды. Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс пен қайта құрылған Жоғары аудиторлық палата арасындағы өзара іс-әрекет тетіктері туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына Парламенттің төменгі палатасы жанындағы Қоғамдық қабылдаудың жұмысы туралы есеп беріліп, Мәжілістің қоғамға ашықтығын арттыру жөніндегі жобалары таныстырылды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы