Аида Балаева: Балалардың панасыздығы мен қараусыз қалу мәселесі әлі де өткір тұр
Балалар мен жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырмау бойынша шараларды күшейту керек. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Комиссия сарапшылары аймақтарды аралап, осы мәселенің жай-күйін егжей-тегжейлі зерттеген. Ұлттық комиссия төрағасы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева балалар үшін қолайлы жағдай жасау, панасыздық пен үмітсіздік қаупіне ұшырататын факторлардың теріс әсерін болдырмау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті. Осы мақсатта әлеуметтік және профилактикалық шаралар кешені іске асып жатыр.
Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Ұлттық комиссия төрағасы:
Балалардың панасыздығы мен қараусыз қалуының алдын алу мәселесі әлі де өткір тұр. Бұл жаңа тәсілдерді іздеуді талап етеді. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалу тәуекелдерінің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет. «Қазақстандағы отбасын мемлекеттік қолдау негіздері туралы» тұжырымдамасын әзірлеу талап етіледі. Онда отбасын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бекітілуге тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады
21.08.2026, 12:34
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03