Балық аулаушылар үшін қосымша құн салығы төмендейді
Балық аулаумен айналысатын кәсіпкерлік нысандар үшін қосымша құн салығы 70 пайызға төмендейді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Тиісті заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің сөзінше, бұл құжат саладағы біршама кемшіліктерді жоюға ықпал етеді. Балық импортына тәуелділік төмендейді. Сондай-ақ, терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды енгізу көзделген. Жыл басынан бері 14 мың тоннадан астам балық өсірілген. Ал,жоспар бойынша бұл сан 22 мың тонна болуы керек еді.
Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Бағдарлама индикаторларына қол жеткізу үшін әкімдіктер бизнес субъектілерінің бастамаларын қолдауды күшейтуі қажет. Бұл тұрғыда жергілікті бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету маңызды болып табылады. Бұл ретте, осы жылы әкімдіктер субсидиялауға 401 млн теңге немесе бағдарламаның белгіленген көрсеткіштерінің 17 пайызы көздеді. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін әкімдіктер жыл сайын тиісті көлемде қаражат көздеуі қажет.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06