Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысқандардың арасында ардагер мәртебесі айқындалмаған азаматтар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысқандардың арасында ардагер мәртебесі айқындалмаған азаматтар бар

05.12.2022

Елімізде Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды реттеуге қатысқан азаматтардың қатарында әлі ардагер мәртебесін ала алмай жүргендер бар. Қолында бітімгерлік операциясына қатысқанын дәлелдейтін құжат болса да, олар ескерусіз қалдық деп отыр. Оның себебі неде?

Алдаберген Мәкішов Таулы Қарабаққа бітімгерлік операцияға қатысушы ретінде барған азамат. Жанжал шиеленісіп тұрған аймақтардан бейбіт тұрғындарды көшіруге көмектесіп, елге 1991 жылы оралыпты. Алайда ол әлі күнге дейін ардагер мәртебесін ала алмай жүр.

Алдаберген Мәкішов, қала тұрғыны:

Сұраныс хатты жібергенбіз неге Москваға, Евантеевское, Адмиралское, сосын Екатеринбургке, Подольскіге жібердік. Сол жағы жергілікті әскери бөлімшелерін қанағаттандырмай жатыр. Сол үшін сотқа арыз түсірдім.

Ел бойынша ардагер мәртебесін ала алмай жүрген азамат аз емес. Олар да арнайы операцияларға барып, ұрыс қимылдарына қатысқан.

Ерлан Баренов, қала тұрғыны:

Архивтен справкалар дұрыс болмағасын бұл кісі осындайды ала алмай жүр. Бірақ ол жақта бірге болдық. Қақтығыста екі жаққа да армяндар мен Әзербайжанның арасында сол жерде кісілердің өмірлерін сақтап, екеуіміз осы басқа жігіттермен де сол жерде болдық.

Таулы Қарабақтағы бітімгерлік миссиясына қазақ жерінен 28 мыңдай адам жұмылдырылды. Екі жыл бұрын «Ардагерлер туралы» Заңға шетел аумағындағы ұрыстарға қатысқандарға ардагер мәртебесі берілуі туралы өзгеріс енгізілді. Алайда, қолындағы құжатта Таулы Қарабақ деген жазу болмағандықтан 1 мыңдай жауынгердің ерлігі әлі күнге дейін мойындалмаған.

Нәбиден Үсенов, ҚР Ұрыс қимылдарының ардагерлері қауымдастығының басшысы:

Мұрағаттан анықтама ала алмай жүргендер қаншама. Мыңға жетіп қалатын шығар. Мысалы, айтып отырмын ғой - 32-9-135 деген бар, сосын тағы бір екі ішкі министрлігі тарапынан оперативтік пункттер бар. Біреуі Өзбекстаннан кеткен, біреуі Қазақстаннан кеткен. Екеуінің де мұрағаттарда Ресейде ақпарат жоқ дейді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу