Ауылды дамыту: 20 жобаға грант берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылды дамыту: 20 жобаға грант берілді

05.12.2022

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды өңірлерде дамыту» жобасы 7 облыста жүзеге асады. Оның аясында «Ең үздік ауылдық бастама» байқауы ұйымдастырылып, 20 жобаға 500 мың теңге көлемінде грант берілді. Бұл қаржыға тұрғындардың бірі балалар ойын алаңын салған. Енді бірі канал қазып, 20 шақты шаруашылықты сумен қамтып отыр. Жоба - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асқан.

Өміржан Тұрарбеков, Тұрыш ауылының тұрғыны:

Ауылымызда белсенді азамат Табылғанов Тұрсынбек деген азамат жобаға қатысып, 20 күн сәулесінен қуат алатын прожектр жеңіп алды. Оны Бейнеу рельс мекемесімен келісіп, сол мекеменің бағаналарына орнатты 20 прожектерді. Қазіргі таңда ауылымызды 2 көше жарықпен қамтамасыз етілді. 

Жібек Ахметова, «Азаматтық Альянс» ЗТБ облыстық филиалының президенті:

Негізгі мақсатымыз сол ауыл тұрғындарын өзінің ауылының мәселесін шешуге оларды өздерін атсалыстыру. Қашан әкім келіп, ақша бөліп жасап береді деп күтіп отырмай, қандай да бір кішкентай болса да ауылдың мәселесін шешуге атсалысса олар, сондай жауапкершілікті бөлісу.


Хабарламаларға жазылу