Басты Жаңалықтар Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 129 еңбек ардагері, 473 еңбек адамы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері құрметке бөленді. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік сала еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды. Бірқатар медицина қызметкеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Педагогтер және білім беру саласының өкілдері «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына, өнер қайраткерлеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.

Бөлісу