Петропавл әкімдігі 32 млн теңгеге аялдама сатып алмақ
Петропавл қалалық әкімдігі 32 млн теңгеге екі аялдама сатып алмақ. Мемлекеттік сатып алу сайтында осындай байқау жарияланды. Талап бойынша жабық аялдамалар жазда желдетіліп, қыста жылытылады. Әкімдік өкілдері құрылыс материалдары қымбаттағандықтан, аялдаманың құны арзан болмайды деп отыр.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
41 шаршы метрге дейін, үшке бөлінеді, екеуі жылы аялдама болады және де 1 бөлмесінде, оны жаңағы байқау аяқталғаннан кейін шешіледі. Құны 32 млн теңгеге екі аялдама. Ол жаңағы нарықтағы бағаларға сәйкес жасалды.
Дегенмен Петропавлда 16 млн теңгеге орталықта орналасқан жаңа үйлерден бір бөлмелі, ал қаланың шеткі аудандарынан 2 бөлмелі пәтер сатып алуға болады,-дейді тұрғындар. Былтыр облыс орталығында осындай бірнеше аялдама салынған еді. Алайда әлі күнге жабық тұр.
Юлия Сейтмулина, қала тұрғыны:
Халықтың төлеген салығының ақшасына жасалып жатыр бәрі. Бірақ соның игілігін көре алмай келеміз. Мына аялдама қысы-жазы жабық тұрады. Ал автобус күткен жолаушылар сыртта тоңып отыруға мәжбүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08
Ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Арын жайлы монография жарық көрді
23.05.2026, 20:06
Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады
23.05.2026, 20:05
Ең үлкен зымыран сынақтан өтті
23.05.2026, 20:05
Қытайда шахтадағы жарылыстан 90 адам қаза тапты
23.05.2026, 20:05
Кәсіпкерлерге Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
23.05.2026, 20:04
Соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
23.05.2026, 20:03
«Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы» ІІ Халықаралық фестивалі өтті
23.05.2026, 20:03