11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
Алматыда бір сәтте 11 мың 500 бала күй орындап, еліміздің рекордтар кітабына енді. «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұйымдастырылған шара қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Дәл қазір міне, 11 мың оқушы бір сәтте «Балбырауын», «Ата толғауы», «Балалық» күйлерін біріктіріп орындап жатыр. Үлкен аренада 11 мың жас домбырашы бар. Қазір менің жанымда ең кішкентай домбырашы тұр.
Айсұлтан Әбдіраимов, оқушы:
Мен 7 жасымнан бастап күй шертемін. 7-8 күйді білемін. Маған домбыра тартқан ұнайды.
Айдана Қуантхан, тілші:
Мұндағы көңіл күйді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алатаудың баурайын жыр думанға бөлеген жас домбырашылар қаланың барлық мектебінен келген. Олар осы шараға екі ай дайындалыпты. Талап бойынша орындаушылар күйді бір ырғақпен, тоқтаусыз әрі үйлесімді орындауы тиіс.
Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:
Бұрын соңды Қазақстанда болмаған домбыра тартудың рекордын байқап отырмыз. Бүгін осы стадионда 11500 адам қатысып отыр, бәрі домбыра тартып отыр. Бұл бұрын соңды болмаған оқиға.
Айдана Қуантхан, тілші:
Міне, біз нағыз тарихи сәтке куә болдық. 11 мыңнан аса оқушы бірнеше күйді біріктіріп, бір мезетте орындап, еліміздің рекордтар кітабына енді. Бұл - ұлттық мұраның жас буынмен бірге жасай беретінінің жарқын көрінісі.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04