Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады
Ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Сенат қабырғасында көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Құжатта өзге де көліктердегі қауіпсіздік жайы қозғалды.
Асылбек Данияр, тілші:
Заңға енгізілгелі отырған қосымша өзгеріс әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады. Соңғы жылдары әуе кемелерінен кінәрат болып жатқаны мәлім. Министр осы мақсатта келер жылы әуе қауіпсіздігін бақылайтын ұйымның филиалы ашылуы мүмкін екенін айтты. Құжат қабылданса, азаматтық авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігі артады, көліктік бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделген. Сондай-ақ түрлі транспорттарды пайдаланатын жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін күшейту көзделген. Теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелердегі авариялық жағдайларды тергеудің тиімділігін арттыру жайы да бар.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысында 500 орындық стадионның құрылысы аяқталмай тұр
06.05.2026, 10:34
Кәсіби бағдарлау: «Jas Skills» облыстық чемпионаты өтіп жатыр
06.05.2026, 10:28
«Батырларға тағзым»: 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталды
06.05.2026, 10:22
Мүгедектікке қатысты 100-ден астам жалған құжат жасалғаны анықталды
06.05.2026, 10:21
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер жіберіледі
06.05.2026, 10:19
Трамп Ормұз бұғазынан кемелерді өткізуді уақытша тоқтатты
06.05.2026, 10:17
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 күннен бері төмендеп барады
06.05.2026, 10:16
Инвесторлардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіледі
06.05.2026, 10:15