Халық пікірі: Бұл жолғы саяси шара әділ өтті
«Қазақстан қазір жаңа дәуірге аяқ басқалы тұр. Бұл ретте елде өткен сайлаудың маңызы зор», - дейді өнер иелері мен спортшылар. Олардың айтуынша, бұл жолғы саяси шара әділ өтті. Әрі форматы жаңа. «Бюллетеньдегі «барлығына қарсымын» деген тармақты таңдағандар да бар. Бұл саяси науқанның ашық өткізілгенін әрі сайлаушыларға еркіндік берілгенін аңғартады», - дейді.
Ақан Әбдуәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Бұл сайлау дер кезінде өтіп отыр деуге болады. Себебі қазіргі геосаяси жағдайда ішкі-сыртқы реформаларды дұрыс бағыттау, дұрыс жолға қою президенттің міндеті. Халық соған сенді. Алдағы 7 жылда осы сенім ақталады деген үміттеміз.
Мерей Ақшалов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:
Әр қазақ елінің азаматтары өзінің таңдауын жасады. Менде өз таңдауымды жасадым. Алдағы 7 жылдыққа президент таңдадық. Осы жеті жылда үлгереді деп ойлаймын, мақсаттарын, бағдарламаларын іске асыруға. Біз де атсалысамыз, біз де көмектесеміз.
Арман Жүдебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Бұл сайлау болашақтың үлкен кепілі деп білеміз. Президент өз сөзінде айтып кетті ғой, суперпрезиденттік басқарудан Парламенттік басқаруға. Ең бастысы органдардың халықпен тығыз қарым-қатынаста болуы. Үміт арттыратын нәрсе көп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10