Ақтөбе халқының да негізгі бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді. Тұрғындар саяси науқанның салмағы жоғары екенін айтады. Әлемдегі саяси-экономикалық ахуал мың құбылып тұрған сәтте дұрыс таңдау жасау аса маңызды. Бізбен меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа шығуға дайын, Жақсыбек, өңірдің белсенділігі қалай?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Иә, бұл саяси науқанда ақтөбеліктердің де белсенділігі өте жоғары. Таңертең сайлау учаскелері ашылысымен, өз таңдауын жасауға асыққан халық көп болды. Әсіресе, әйелдердің белсенділігін ерекше байқауға болады. Қазір менің жанымда «Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер, қызғалдақтай алты қыздың анасы Индира Жантекенова тұр. Индира, сайлау учаскесіне қыздарыңызды да ертіп келіпсіз.
Қыздарыңыз ел мақтан тұтар азаматша боп өсе берсін! Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша 560 мыңнан астам сайлаушы тіркелді. 14 аумақтық, 517 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Саяси науқан заң шеңберінде өтіп жатыр.
Жақсылық Кемал