Жетісу облысында 446 мыңнан астам сайлаушы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 446 мыңнан астам сайлаушы бар

20.11.2022

Жетісу облысында 446 мыңнан астам сайлаушы бар. Олардың 70 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді. Облыс орталығы Талдықорған қаласында дауыс беру жалғасып жатыр. Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы кешке қарай жұмысынан енді босаған тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп жатқанын айтады. Қуаныш жетісулықтардың белсенділігі қалай?

Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Белсенділік жоғары деп айтуға болады. Бүгін күні бойы жаңбыр жауды. Соған қарамастан өңір тұрғындары өз құқығын пайдаланып, дауыс беруде. Бір қуантарлығы кей ауыл тұрғындары саяси науқанды мереке деп қабылдап, ұлттық киімін киіп, өз таңдауын жасап жатыр. Ал Текелі қаласында саятшылар қолына бүркітін қондырып, дауыс беруге келді. Дәл қазір мен Талдықорған қаласындағы сайлау учаскелерінің біріндемін. 

Ісіңізге сәттілік! Бүгін Талдықорған қаласы мен бірнеше аудан орталығында қоғамдық көлік тегін болды. Ал Үштөбе қаласында тіпті такси қызметі де тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасыды. Аймақта дауыс беру жалғасып жатыр. Алдағы уақытта ақпаратымызды толықтыратын боламыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу