Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық спортшы алтын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық спортшы алтын алды

14.05.2023

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Махмұд Сабырхан ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте ногдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Боксшы Махмұд Сабырхан екі жыл бұрын өткен чемпионатта күміс жүлдегер атанған еді.

Ал әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды Қазақстан қоржынына 19 жастағы Санжар Тәшкенбай түсірген еді. 48 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз грузиялық боксшы Сахил Алахвердовиді 5:0 есебімен жеңіп, ересектер арасындағы дебюттік Әлем біріншілігінде топ жарған.Әлем чемпионатында Қазақстан атынан 13 салмақ категориясында да боксшы қатысады. Халықаралық бокс қауымдастығы чемпиондарға 200 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 100 мың доллардан, ал үшінші орын иегерлеріне 50 мың доллар сыйақы береді.

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионы атанды. Кәсіпқой бокс шебері Жәнібек Әлімханұлы канадалық спортшы Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта чемпион титулын қорғап қалды. Бұл – Жәнібек Әлмхаұлының кәсіпқой спорт мәнсабындағы 14-ші жеңісі.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу