Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті (ВИДЕО)

03.02.2019

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатында (Фриско қаласы) өткен бокс кешінде өзінің бесінші жекпе-жегін өткізіп, америкалық қарсыласы Стивен Мартинестен басым түсті.

8 раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Жәнібектің бірнеше жойқын соққысын жіберіп алған Стивен Мартинес кездесуді әрі қарай жалғастыра алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Мартинес арасындағы кездесу Сергей Ковалев пен Элейдер Альварес реваншының андеркардында өтті. Бокс кешін «Qazaqstan» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу