Жәнібек Әлімханұлы Головкинді ығыстырып, рейтингіде көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы Головкинді ығыстырып, рейтингіде көш бастады

20.10.2023

Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкинді ысырып тастады. Американың әйгілі «The Ring» журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Екінші орында Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес, үшінші сатыда – кубалық Эрисланди Лара. Тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов 7-ші орыннан 6-ға көтерілді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу