Арыстағы ағайынға кәсіпқой боксшыларымыз да қаржылай көмек көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы ағайынға кәсіпқой боксшыларымыз да қаржылай көмек көрсетпек

26.06.2019

Арыстағы жағдайға кәсіпқой спортшыларымыз да алаңдаулы. Былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы қаржылай көмек көрсететінін айтты. Ол бейбіт күнде қаншама адамның қайғырып, үйсіз қалғанын ескеріп, ағайындарды сабырға шақырды. Сондай-ақ, «Біз жеңіске жеткенде қуанатын халық қайғырғанда тыныш жату бізге сын», -деп өзінің инстаграмдағы парақшасында ағынан жарылды. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын. Қаржысының жартысын аударатын болды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу