Қазақстан - Орталық Азиядағы хаб ретінде қаржы құюға қолайлы аймақ
Қазақстан Орталық Азиядағы хаб ретінде қаржы құюға қолайлы аймақ. Сондықтан, бизнесті бұл елге көшіру қазір ұтымды шешім дейді британ кәсіпкерлері. Лондон қор биржасында өткен Инвестициялық форумда британиялық компанияларға Қазақ жерінде бизнесті өркендетудің тиімді жолдары айтылды.
Дэвид Кэшман - бетон өнімдерін шығаратын британиялық компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры. ТМД елдеріне тауар тасымалымен айналысатын кеңсесі бұған дейін Ресейде орналасқан. Соңғы оқиғаларға байланысты енді компания өкілдігі Қазақстанға қоныс аудармақ.
Дэвид Кэшман, Британиялық компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры:
Біз өнімдерімізді Қазақстанға экспорттаумен бірнеше жылдан бері айналысып келеміз. Географиялық тұрғыда мекен-жәйімізді өзгертетін кезеңге жеттік деп ойлаймыз. Қазақстанды Орталық Азиядағы хаб ретінде қарастыра отырып, көшуге өте тамаша орын деп шештік.
Форум аясында 50-дей компаниямен келіссөздер жүргізілді. Олар релокация бойынша сұрақтарына барынша тұщымды жауап алды. ГРАФИКА Жалпы екі ел арасындағы әріптестік аясында 30 жыл ішінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына 20 миллиард доллардан астам қаражат құйған. 2 жылда пандемияға қарамастан инвестиция ағыны тоқтаған жоқ. Керісінше 36 пайызға дейін артты. Соңғы 9 айда сауда көлемі 61 пайызға ұлғайған.
Ардақ Зебешев, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы:
Инвестиция ағынын әрі қарай ынталандыру үшін бізде Қазақстанда жасалып жатқан барлық іс-шараларды түсіндірдік. Жаңа инструменттер пайда болып жатыр. Ол тек қана баяғы барлық елдерде бар баж, кедендік жеңілдету мәселелері ғана емес.
Қазір елімізде 575 ағылшын компаниясы жұмыс істеп жатыр. Олар мұнай-газ, тау-кен және өнеркәсіп, сондай-ақ қаржы, жоғары технологиялар мен ауыл шаруашылығы салаларына қаржы салған.
Вомик Нур Шах, Ұлыбритания сауда және өнеркәсіп министрлігінің департамент басшысы:
Біз Қазақ елімен әріптестік орнатқысы келетін экспорттаушы компанияларға Қазақстан тарапына да қолдау білдіруге дайынбыз. Әсіресе денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, энергетика сияқты ірі жобаларды бірлесіп игеруге мүдделі кәсіпкерлерге қол ұшын соза аламыз.
Форум барысында цифрландыру, телекоммуникация және жасыл энергетика саласында жұмыс істейтін компаниялармен екі жақты кездесулер өтті.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы