Аз қамтылған отбасыларды қолдау артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аз қамтылған отбасыларды қолдау артады

07.11.2022

Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте білім саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрлігі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан, жекеменшік мектептерге баратын балаларға Жаппай оқыту қорынан көмек алуға мүмкіндік беруді ұсынды.

Қазіргі уақытта бұл норма мемлекеттік мектептерде ғана бар. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған және мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға баруға мүмкіндігі жоқ отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақтандыру мәселесі қаралды.

Бұл шараны келер жылы іске қосылатын «Отбасының цифрлық картасы» сервисі арқылы жүзеге асыру ұсынылды. Алдағы уақытта азық-түлік шығындарын төлеу үшін дағдарыс жағдайындағы отбасылардан шыққан балалар анықталады.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдардың қажетті ақпараттық жүйелерін интеграциялауды аяқтауды және осы бастаманы қаржыландыру тетігін пысықтауды тапсырды. Бұл ретте ол қаражатты мақсатсыз пайдаланылмауы үшін бақылаудың қатаң болуын ескертті. Сонымен қатар балабақшаларға бірыңғай кезекті іске қосу мәселесі талқыланды. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік береді.  

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу