Украинаның барлық аумағында әуе дабылы іске қосылды
Бүгін Украинаның барлық аумағында әуе дабылы іске қосылды. Өткен түнде Ресей Днепропетров, Запорожье облыстарын зымырандармен атқылаған. Никополь қаласының өзіне 40-тай снарядтай жіберілді. Бірнеше көпқабатты үй, жер үй мен газ құбырына зақым келген. Ал Запорожьеде зымыран бірнеше кәсіпорын, автокөліктерге түскен. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Донецк облысының Бахмут және Соледар қалаларында өткен аптадан бері қиян-кескі шайқас болып жатыр. Украина әскері Донбастағы позицияларын бермей ұстап тұр. Тағы бір мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Херсоннан кетпей, керісінше әскерге жаңадан шақырылған жауынгерлерін тарту арқылы бекіністерін күшейте түскен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06