Басты Жаңалықтар Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады

Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады

Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады. Оны салу үшін тағы 5 млрд теңге ақша керек. Орта жолдан тұралаған нысанның бастапқы құны 3 млрд теңгеден асады . Жоба облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ісінен кейін аяқсыз қалған.

Осы деректің аясында 2012 жылы мердігер мекеменің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір әлеуметтік маңызы бар ғимараттың тоз-тозы шыққан. Енді оны қайта жөндеу әкімдікке жүктеліп отыр. Жергілікті билік инвестор іздеп жатыр. Құрылыс құжатында кеткен қателік те жұмысқа қолбайлау болған. 

Жандос Темірғали  

Бөлісу