Дархан Қыдырәлі Қызылорда тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Қыдырәлі Қызылорда тұрғындарымен кездесті

03.11.2022

Жаңадан әзірленіп жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңнама заман ағымына қарай жетілдіріледі. Бүгінде бұл бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, массмедиа саласын жан-жақты зерделеуде.

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақ жұртшылығымен кездесіп, салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Министрлік тарапынан азаматтық қоғамды дамытуға басымдық беріліп, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі арта түспек. Мәселен биыл 1800-ге жуық әлеуметтік жоба қолдау тапқан. Мұнан бөлек, жастардың жайы да назардан тыс қалмайды деді министр.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Әсіресе, мына жастарға олардың оқуға түсуін жеңілдету, волонтерлықпен айналысқан, қайырымдылықпен айналысқандарға мүмкіндіктер қарастыру сияқты көптеген бастамалар бар.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу