Елімізде акредиттеуге қатысты заңбұзушылық көбейген
Елімізде акредиттеуге қатысты заңбұзушылық көбейген. Мыңнан астам мекемеге жүргізілген тексеріс нәтижесінде 865 заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік бақылаудан өте алмаған нысандарға 140 млн теңге айыппұл салынған. Бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда 77% -ға жоғары.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары зергерлік бұйым сатушылардың 80 пайызы заңсыз жұмыс істеп келгенін анықтады. Олар талдау мен таңбалаудан өтпеген тауарларды сатып келген.
Қуаныш Елікбаев, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:
Комитеттің ұйғарымымен заңсыз ресімделген 57 сәйкестік декларациясының және 63 сәйкестік сертификатының Қазақстан Республикасының аумағындағы күші жойылды. Мысалы Қырғызстандық әріптестермен жұмыс нәтижесінде осы елдің сертификаттау органы тұрмыстық техникаға берген 12 сертификат күшін жойды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12