Прокурор: Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын
Абай ескерткішін орнату үшін 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға прокурор 7 жыл жаза кесуді сұрады. Атышулы іс бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы осы қылмысқа қатысы бар облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті 7 жылға соттауды, ал пара берді деп күдікке ілінген «Балқыту» серіктестігінің директоры Өміртай Адамовқа 4 жыл жаза беруді сұрады. Бұған дейінгі сот отырысында 9 ай бойы Хаменоваға қарсы куәлік еткен Ақылбек Рысқалиев бұған өзін антикор өкілдері мәжбүрлегенін жайып салған еді.
Лаура Асанова, Атырау облыстық прокуратурасының прокуроры:
Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін, кейін шегеруді сұраймын.
Ж.Темірғали, Ө.Жаңабай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өз жерінің елшісі»: Руханият форумы өтті
26.05.2026, 20:59
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қолдау тапты
26.05.2026, 20:56
Вице-премьер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа медиаорталығын аралады
26.05.2026, 20:54
Аида Балаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының заманауи медиакешенімен танысты
26.05.2026, 20:22
Тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
26.05.2026, 20:09
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 20:07
Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
26.05.2026, 20:06
Еуропаға 103 жылда болмаған аптап ыстық жетті
26.05.2026, 20:05