Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты ашылды

28.10.2022

Өскеменде экология мәселесіне соңғы жылдары қоқыс қосылған. Қаладағы полигон баяғыда толып кеткен. Ал жаңадан салынған қоқыс сұрыптау зауыты мәселені шеше ала ма?

Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты ашылды. Кәсіпорын сағатына 25 тонна қалдықты екшейді. Жылдық қуаты – 100 мың тонна. Дегенмен экологтар бұл зауыт қаладағы қоқыс мәселесін түбегейлі шешпейді деп отыр. Өйткені өңдеуден қалған қалдық полигонға қайта төгіледі. Ал Өскемендегі орталық қоқыс алаңы баяғыда толып кеткен. Сондықтан жаңасын салғанда еуропалық стандарат пен экологиялық ережелер мінедетті түрде ескерлуі тиіс дейді мамандар. Ол қандай ереже?

Өскеменде соңғы бірнеше жылда экологияға қоқыс мәселесі қосылған. Ескі полигон әбден толғандықтан экологтар жаңасын салу жөнінде үнемі дабыл қағумен болды. Тіпті түрлі жоба да жасап ұсынды.Бірақ қала басшылығы бұл жұмысты тек былтырдан бері нақты қолға алды. Инвестор тартып, қоқыс сұрыптау зауытын биыл іске қосты.

Дәурен Молдамсейітов, Қоқыс сұрыптау зауытының инженері:

Қазіргі таңда біздің зауыт жеті түрлі қоқыс өңдейміз. Оның ішінде пластик үш түрлі. Полиэтилен. Қағаз. Түрлі-түсті металл. Және қара металл. Қазіргі таңда қағаз картонға және полиэтилен пластикалық құтыларға сұраныс бар.

Сұраныс қанша түссе де зауыт орындауға дайын. Бірақ, кәсіпорын қаладан шығарылатын жалпы қоқыстың 40 пайызын ғана сұрыптайды. Қалған 60 пайызы полигонға қайта төгіледі.

Олжас Керейхан, тілші:

1957 жылы салынған бұл полигон 15-20 жыл бұрын толып кеткен. Тіпті соңғы жылдары аумағынан асып қаланың сыртындағы айналма жолға жетті. Қоқыстан ұшқан салафан қалта мен қағаз әр ағаштың басында. Ал осы маңдағы тұрғындар жағымсыз иістен жапа шегіп отыр. Әсіресе жазда қиын.

Жыл сайын бұл полигонға 60 мың тонна қоқыс төгіледі. Эколог - Дәулет Асановтың пікірінше жаңадан іске қосылған зауыт мәселені түбегейлі шешпейді. Сұрыптаудан қалған қалдықты төгетін жаңа полигон экологиялық талапқа сай салынуы керек.

Дәулет Асанов, эколог:

Жаңадан салынатн полигонға жаңадан экологиялық талаптар қою керек. Ол дренаж болмас үшін арнайы экран болуы керек. Жерасты суларын ластамайтын. Қазіргі ескі полигон сияқты. Одан кейін бетін міндетті түрде жауып отыру керек анау ары қарай шаңданып ұшпайтындай. Былай көме берсең мына полигоннан ешқандай айырмасы болмайды.

Қоқыс мәселесін шешу үшін қалада үш кезеңнен тұратын жоба әзірленген. Қоқыс сұрыптау зауыты салынды. Енді атқарушы билік ескі полигонды жауып, жаңасан салуға кіріспек.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

Ол жерде қазіргі заманауи талаптарға сәйкес полигон болады. Ол жерде тек қана қоқыстар төгетін жер емес, ол жерде жаншу жұмыстары да жүргізіледі. Реттеу жұмыстары да жүргізіледі. Үшінші кезеңі бұл жұмысымыздың мынау 50 жыл бойы Өскеменнің қалдығын жинап келген рекультивация жасаумыз керек.

Полигонды салуға жер бөлініп, инфроқұрылым тартылған. Келер жылы құрылысы басталмақ. Ал қаржыны шетелдік банк инвестиция ретінде бөлмек.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу