Алматылық «Қайрат» бельгиялық «Андерлехт» командасымен тең түсті
Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде бельгиялық «Андерлехт» командасымен тең түсті. Сырт алаңда өткен ойынның бесінші минутында бельгиялық Франко Еловчич есеп ашты. «Қайрат» командасы 17-ші минутта есепті теңестірді. Екінші таймның 23 минутында Диего соққан голдың арқасында алаң қожайындары алға шыққан еді. 38-минутта Дәурен Тұрсағұлов бельгиялықтардың қақпасына екінші голды салып, ойынға нүкте қойды. Есеп 2:2. Жерлестеріміз бүгін Испанияның «Пальмо», ертең Францияның «Спортинг-Париж»командаларымен ойнайды.
Асқар Әбдірахманов, ҚР Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі, жанкүйер:
«Андерлехт» өзінің осал емес команда екенін көрсетті. «Қайратпен» тең дәрежеде ойнай алатын. Бірақ, біздің ойыншылар мінез көрсетіп, нәтижесінде тең ойын шықты. Алдағы ойындарда «Қайрат» жеңіске жетеді деп сенеміз, қолдаймыз.
Пауло Рикардо Кака, Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Әрине, біз мұндай нәтиже күтпеп едік. Топтағы қарсыластарымыз мықты, олармен ойнау оңай емес. Дегенмен, біздің команда күш жинап, алдағы екі ойында оң нәтиже көрсетеді деген ойдамын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – алып құрылыс алаңы
29.09.2026, 14:12
Елімізде 79 медициналық жоба іске асырылады
29.09.2026, 14:09
Өңір медицинасының мүмкіндігі артып келеді
29.09.2026, 13:59
Көкшетауда шетелдіктер де ем ала алатын аурухана салынып жатыр
29.09.2026, 13:57
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41