Алматыда президент сайлауына қатысты тегін call-орталық іске қосылды
Алматыда президент сайлауына қатысты тегін call – орталық іске қосылды.
Енді тұрғындар «1315» біріңғай нөмірі арқылы 20 қараша күні өтетін саяси науқан жайлы толыққанды ақпарат алу мүмкіндігіне ие. Бірыңғай нөмірге барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Орталық демалыссыз, күн сайын сағат таңғы 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматыда 1 млн 170 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
Жанна Асанова, Алматы қаласы бойынша Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Нөмірі «1315» телефонмен байланысып, қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді білуге болады. Егер өздеріңізді тізімнен таба алмасаңыз, операторлардың көмегімен не үшін тізімге кірмей қалдыңыз, қандай себепке байланысты екенін сұрап, білуге болады. Оған қоса арнайы «Open Almaty» сайтында «өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» деген функционал жұмыс істеп тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06