Президенттікке үміткер алтыншы кандидат тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке үміткер алтыншы кандидат тіркелді

20.10.2022

Президенттікке үміткер алтыншы кандидат тіркелді. Ол - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Нұрлан Әуесбаев. Ол «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 120 мыңнан астам қолын жиналған. Оның мыңнан астамы жарамсыз деп танылды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров оған кандидаттық куәлікті табыстады. Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 10 жыл 8 ай.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
Мен үшін тарихи күн. Президенттікке үміткер ретінде куәлігімді алдым. Көңіл-күйім жақсы. Мен енді көп қол жинай алмадым. Негізінен партиядағы, өңірлердегі партияның қызметкерлері және өзімнің үзеңгілес партиядағы барлығына осы жерді пайдаланып рақмет айтқым келеді.

Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат ретінде тіркелді

«Қазақ аналары -дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінен кандидаттыққа ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова да кандидат ретінде тіркелді. Бұл бір жағынан тарихи оқиға деп айтсақ та болады. Жетінші рет өткізілгелі жатқан сайлауға екі әйел кандидат қатысады. «Сайлау туралы» заңға сәйкес, Тұрсынбекова 18 өңірден сайлаушылардың 119 мыңнан астам қолын жинаған. Кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 22 жыл 10 ай.

Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
Осы сайлау науқанының бірінші кезеңінде әр тірі адамда күмән болады ғой қалай болар екен деген. Ал, қазір расында да барлық сайлау заңы талаптарына сай болғанына көзімді жеткізгеннен кейін әрине, Президент болуға бар күш-жігерімді салып, ат салысамын.


Хабарламаларға жазылу