Ұлттық деректанудың негізін қалаушы Қамбарбек Атабаевтың туғанына – 75 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық деректанудың негізін қалаушы Қамбарбек Атабаевтың туғанына – 75 жыл

20.10.2022

Ұлттық деректану мектебінің негізін қалаған, белгілі ғалым Қамбарбек Атабаевтың биыл туғанына – 75 жыл. Осыған орай Алматыда тарихшыны еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қамбарбек Махамбетұлы деректанудың теориялық және әдіснамалық негіздерін терең меңгеріп, Франция, Германия, Австрия, Испания, Ресей, Украина елдерінің даму бағыттарын зерттеді. Шараға қатысушылар ғалымның ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттап, археография мәселелерін отандық және шетелдік ғалымдар арасында талқылады. Тарихшының бастамасымен «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы ашылып, тұңғыш Республикалық археография және деректану орталығы ұйымдастырылды.

Тұрғанжан Төлебаев, тарих ғылымдарының докторы:

Кафедра аштырып, сондай-ақ ұлттық дерегіміздің тарихты зерттеудегі маңызына баса көңіл бөле отырып, соны дәріптей отырып, ғылыми еңбектер жазған. Және көптеген шәкірттер даярлаған көрнекті ғалым еді.


Хабарламаларға жазылу