Қазақстан Түркіменстан мемлекетімен шекараны толық бекітті. Осыған дейін жердегі делимитация, демаркация мәселесі шегенделсе, бүгін сенатта Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны межелеу, балық аулау аймақтарын бөлу туралы шартты ратификацияланды.
Заң Президенттің қол қоюына жолданды. Осылайша, екі ел арасындағы Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекаралар заңды түрде бекиді. Енді елдің солтүстік аумағындағы жер және теңіздегі шекараны межелеу мен шегендеу процесі қалды. Ресеймен шекарадағы 70 пайыздай жер демаркациядан өтті. Қалған 30 пайызы жетуі қиын аумақтар, таулы жерлер. Оған тағы 2-3 жылдай уақыт керек.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:
Ал енді теңіздегі шегендеу мәселесіне келетін болсақ, тура осындай шартты Ресей мемлекетімен дайындап отырмыз. Әрине, ол жақта қазіргі Каспий жағалауы 5 мемлекетті бастапқы тік сызықтар мәселесін талқылап жатыр. Ресеймен екі жақта шешсек, аумақтық суларда, балық аулау аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді.