Елімізде медиация институтының жұмысын жандандыру үшін мемлекеттік қолдау қажет. Шымкентте көшпелі кеңес өткізген Сенаттың заңнама, сот жүйесі және құқұық қорғау комитетінің мүшелері осындай пікір білдірді. Өйткені медиация көбіне белсенді азаматтардың күшімен ғана даму үстінде. Сондықтан проблемасы да жетерлік. Оны шешу үшін келешекте медиаторлардың сот процесіне дейін дауласқан азаматтармен кездесуіне және тергеу ісіне араласуына мүмкіндік жасау керек. Сондай-ақ мұндай істер ішкі істер органының статисткалық есебіне алынуы қажет. Олардың қатысуымен қанша іс сотқа жетпей аяқталды немесе қаншасы сотқа барғанын біліп отыру маңызды. Кездесуде айтылған мәселелердің ішінде медиаторлық қызметке мемлекеттен қаржы төленсе деген ұсыныс та айтылды.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Қылмыстық баптарға байланысты мәселелерді жеңілдете отырып, кейбір баптарды өзгерту. Мысалға, кейбір қылмыс түрлеріне байланысты жазаға тарту, бас бостандығынан айыр емес, айыппұл төлеу, қоғамдық жұмысқа тарту секілді өзгерістер заңнамалық түрде жасалып жатыр.
Ғани Қалмахан