Басты Жаңалықтар ТМД елдерінің басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды

ТМД елдерінің басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды

ТМД елдерінің басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Достастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжатты қабылдады. Бүгін Астанада президенттер кеңесі өтті. Жиынды қорытындылаған Қасым-Жомарт Тоқаев, ұйымды дамытудың негізгі басымдықтарын айқындадық деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы өңірдегі трансшекаралық су мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте еске салды. Сол себепті достастық кеңістігінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ әдістерін әзірлейтін уақыт келді деді. Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан ұйымға төраға ретінде қазіргі мемлекеттердің күш-жігерін көптеген бағыттар бойынша біріктіруге ұмтылды. Ендігі таңда жаһандық және өңірлік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында сауда-экономикалық байланыстарды сақтау үшін қолда бар барлық әлеуетті жұмылдыруымыз қажет, деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталды. Осылайша, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Осы ретте айтылған маңызды ұсыныстар мен қаралған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Бұл ортақ мақсатымызға сай келеді.

Шерхан Жамбылұлы


Бөлісу