Алматыда «Исабеков әлемі» атты театр фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Исабеков әлемі» атты театр фестивалі басталды

14.10.2022

Аустралия, Түркия, Грузия және еліміздің бірнеше беделді театр ұжымдары ҚР Мемлекеттік және платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің шығармалары негізінде спектакль қояды.

Жазушы-дараматург жерлесіміз биыл 80 жасқа толады. Айтулы дата қарсаңында Алматыда «Исабеков әлемі» атты театр фестивалі басталды. 4 күнге жоспарланған өнер сайысында шетелден және Қазақстанның бірнеше өңірінен жиналған 6 бірдей театр ұжымы жазушының «Бөрте», «Актриса», «Жүз жылдық махаббат» және «Мұрагерлер» сынды туындыларын сахналайды. Аталған сала майталмандарының сөзінше, қазақ драматургінің еңбегіне шетелдіктердің қызығушылық танытуы бекер емес.

Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

Көркемдік деңгейі, айтар ойы терең және қызықты жазылғаннан кейін мұндай шығармалардың осындай назарға ие болуы біздің қазақтың әдебиеті, дарамургиясы үшін де күнделікті нәрсе емес. Сондықтан мен бұл фестивальдің маңызы зор деп ойлаймын. Қазақ драматургиясының үлкен де, ұзақ табысты жолы биікке көтерілгендей әсердемін.Көркемдік деңгейі, айтар ойы терең және қызықты жазылғаннан кейін мұндай шығармалардың осындай назарға ие болуы біздің қазақтың әдебиеті, дарамургиясы үшін де күнделікті нәрсе емес. Сондықтан мен бұл фестивальдің маңызы зор деп ойлаймын. Қазақ драматургиясының үлкен де, ұзақ табысты жолы биікке көтерілгендей әсердемін.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу