Ресейдің зымырандық шабуылынан кейін Запорожьеде 14 адам қайтыс болды. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің зымырандық шабуылынан кейін Запорожьеде 14 адам қайтыс болды.

10.10.2022

Ресей президенті Владимир Путин таңертең Украинаның бірнеше жеріне шабуыл жасалғанын растады. Видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде Кремль басшысы алысқа ататын зымырандар энергетика, әскери және коммуникация нысандарына соққы бергенін айтты. Путин бұдан былай Ресей аумағына жасалған террористік актілерге қатаң жауап беруге уәде етті. Бұған қоса Кремль бүгінгі шабуыл «арнайы әскери операцияның» бір бөлігі деп мәлімдеді.

Айта кетсек, Ресей әскері таңертеңгі қарбалас шақта Украина астанасы Киев пен өзге қалаларға және елдімекендерге зымыранмен, артиллериямен шабуыл жасады. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, ел аумағына 83 ракета жіберіліп, олардың 43-і атып құлатылған. Соңғы мәліметтерге сай, Киевте 8 адам қайтыс болып, 24 тұрғын жараланды. Метро станциялары тоқтап, ғимараттар қирап, автомашиналардың күлі көкке ұшқан. Сонымен қатар, Запорожье, Харковь, Львов, Житомир, Тернополь, Днепропетровск облыстары бомбаланды. Болжамдарға сәйкес, Ресей Қырым көпірі зақымданғаны үшін Украинадан кек алып жатыр. Алайда, қарсы жақ жарылысты өз мойнына алмай, бүгінгі шабуылдан кейін Ресейді «терроризм» үшін айыптап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу