Украинада Ресейдің зымырандық шабуылынан 14 адам қаза тапты
Украинаның Запорожье қаласында Ресейдің зымырандық шабуылынан қайтыс болғандар саны 14-ке жетті. Тағы 87 адам жараланған. Ауруханаға түскендердің ішінде 11 бала бар.
Жексенбіге қараған түні Ресей армиясы мұнда 12 зымыран жібергенде 9-қабатты үй жартылай қирап, өзге бесеуі жермен-жексен болған.
Осыған қарамастан өткен түні ресейлік күштер Запорожьеде тағы бір ғимаратты атқылап, бірнеше адам зардап шекті.
Ракеталық шабуылдардан кейін президент Владимир Зеленский мәлімдеме жасап, болған оқиғаны «барып тұрған зұлымдық» деп атады.
Ресей әскери қолбасшылығы болса, өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып, аймақта орналасқан шетелдік сордырлар пункті мен Украинаның «Барс» арнайы бригадасына ғана соққы бергенін мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01