АҚШ президенті Джо Байден 1962 жылғы Куба зымыран дағдарысынан бері ядролық әлемнің «Армагеддон» қаупіне барынша жақындағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей әскері Украинада жеңіліске ұшыраса, президент Владимир Путин тактикалық арсеналға жүгінуі мүмкін.
«Куба дағдарысынан бері бізге бірінші рет атомдық қару қолдану қаупі төніп тұр», - деді Ақ үй басшысы Демократиялық партияның Нью-Йоркте өткен жиынында.
Қыркүйектің 21-де Путин Ресейдің аумақтық тұтастығын қорғау үшін «барлық мүмкіндікті» пайдалануға дайын екенін және бұл сөзінің «қоқан-лоққы» еместігін ескертті.
Айта кетсек, осыдан 60 жыл бұрын советтік ракеталар Кубаға орналастырылғанда, Кеңес одағы мен АҚШ бір-біріне қарсы жаппай-қырып жоятын қару қолдануға шақ қалған еді.
Арыстан Рысбек