Семейде жаңа көпірдің құрылысы басталды
Семейде Ертіс арқылы өтетін көпір құрылысы басталды. Оған 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазір алғашқы тіреулерін бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Ескі көпірге жапсарлас салынып жатқан өткелдің ұзындығы 800 метрден астам. Төрт жолақты заманауи көпір тек көліктер өтуге арналады. Айта кетейік, Семейде қолданыстағы өткелдің бірі осыдан 60 жыл бұрын салынған. Әбден тозып, апатты жағдайда тұр. Ал аспалы көпір күрделі жөндеуді қажет етеді. Мамандар жаңа нысанның құрылысы жоспарға сай аяқталады деп отыр.
Нұржан Ескендіров, Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары:
Құрылыс кезінде ескі көпір автокөліктер өтуге қолданылады. Жаңа көпір құрлысы аяқталған соң ол өткел, жаяу жүргіншілерге арналады. Жоба бойынша біз салып жатқан көпір 2025 жылы қолданысқа беріледі.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06