Қызылордада жас бағбан цитрустық жеміс ағаштарын өсірмек
Қызылордада Қорқыт ата университетінің студенті цитрустық жеміс ағаштарын өсіруді қолға алмақ. Жас бағбан жылыжайда тәжірибе жасап, оң нәтижеге қол жеткізген.
Жансая Мейрамбекқызы бүгінде өзі өсірген тропиктік жемістерді патенттеп, жергілікті жерге жерсіндірген. Бастаған ісін әрі қарай жетілдіру үшін жас кәсіпкер ретінде өз жобасын қорғап, мемлекеттен 5 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау тауып отыр. Ол бұл қаражатқа жылыжайды кеңейтіп, қажетті жабдықтарын алмақ. Жас бағбан бір екі жылда лимон жемісін қала нарығына шығармақ ниетте.
Жансая Мейрамбекқызы, жас бағбан:
Цитрустық жеміс ағаштарын өсіргеннен кейін ол бірден өнім бермейді. Оған екі жыл уақыт керек. Екі жыл ол өнім берем дегенше мен арасына құлпынай көшеттерін өсіремін. Және құлпынай бизнесімен қатар цитрустық жеміс ағаштары бизнесін қатар алып жүремін.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14