Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Коронавирус тағы өршуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Коронавирус тағы өршуі мүмкін

06.10.2022

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирус инфекциясы тұмаумен бірге қайта өршуі мүмкін екенін болжап отыр. Бұл туралы мәлімдемені осы агенттіктің басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен брифингте жасады.

Оның сөзінше, жұқпалы аурудың тағы тарауына күннің суытуы себеп болуы ықтимал. Және де ол Еуропаның бірқатар елдерінде ковидке шалдығу фактілерінің көбейгенін де атап өтті. Дегенмен, Гебрейесустың сөзінше, коронавирустан қайтыс болғандар саны артпайды. Өйткені, бүгінде пациенттердің өмірін сақтайтын вакцина жеткілікті.

Шыңжаңда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық ауданынан коронавирус індетінің өршуіне байланысты автобустар мен жолаушылар пойыздарының шығуына тыйым салынды. Демек, олар әзірге Қытайдың өзге провинцияларына бара алмайды. Бұны «Глобал Таймс» газеті хабарлап отыр. Сонымен қатар, кеше Үрімші әуежайында күндізгі ұшақ рейстерінің 97 пайызы доғарылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу