Непалдағы сұрапыл тасқын: Мектеп директоры 900 баланың өмірін сақтап қалды
Непалда сұрапыл тасқыннан қаза тапқандар саны мыңнан асып кетті. Тағы 3900-дей адам әзірге табылған жоқ. Жоғалып кеткендердің 600-і - батпақтың астында қалған гидро электрлі станция жұмысшылары болса керек.
Осы тасқынға санаулы минут қалғанда мектеп директоры 900 баланың өмірін сақтап қалды. Раджендра Давади топан су ғимаратты шайып кетпес бұрын оқушыларды қауіпсіз жерге көшірген. Оған 20 мұғалім көмектескен. Алғашында Раджендра, мектеп өзеннен 3 метр биіктікте тұрғандықтан, қауіп жоқ деп ойлаған. Алайда су деңгейі тоқтамай көтеріліп жатқанын көргенде ол, қоңырау соғып, жүздеген баланы дереу сыныптан шығарып, жылдамдатып биік жерге жеткізіп үлгерген. Арада 10 минут өткенде таудан көшкен алапат сел мектепті шайып әкеткен
Раджендра Давади, мектеп директоры:
Су жақындап қалғанын естігенде сабақты дереу тоқтатып, қоңырау соғып, белгі бердік. Автобус жүргізушілеріне хабарласып, көлікті мектепке жақындатпай, алысқа тоқтауды тапсырдым. Балаға лық толы автобустардың бірі мектеп аумағына кірген еді. Алайда қауіпсіз жерге кері қайтардым.
Осы Непал-Қытай шекарасында болған табиғи апаттан соң іс-түссіз кеткендер әлі іздестіріліп жатыр. Солардың ішінде 3 отандасымыз да бар.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15