«Amanat» партиясының жаңа саяси тұғырнама жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының жаңа саяси тұғырнама жобасы талқыланды

05.10.2022

«Amanat»-тың жаңа саяси тұғырнамасының жобасы саяси кеңестің отырысында талқыланды. Оған саяси кеңес бюросының мүшелері, парламент депутаттары, өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары және басқа да партия мүшелері қатысты. Бұған дейін құжат жобасы бастауыш партия ұйымдарында, партия филиалдарында жұртшылықпен қызу талқыланып, әлеуметтік сауалнама да жүргізілген. Партия өкілдері саяси тұғырнама партияның ең басты құндылықтары мен принциптерін және елдің келешегіне деген пайымын көрсетеді дейді.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Құжаттың жобасы бастауыш партия ұйымдарында, аймақтық және аумақтық филиалдарда жұртшылықпен бірге әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланды. Мыңнан астам ұсыныс түсті. «Amanat»-тың жаңа саяси тұғырнамасы партиямыздың болашақ құндылықтары мен принцптерін толық қамтиды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу