Ресейде 200 мыңнан астам адам әскер қатарына алынды
Ресейде екі апта бұрын ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап 200 мыңдай адам әскер қатарына алынған. Елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Украинадағы «әскери операцияға» қарулы күштер қатарында тәжірибесі бар бас-аяғы 300 мыңдай ер адамды тарту жоспарланған. Айта кету керек, Ресейде өткен аптада ішінара мобилизация барысында олқылықтарға жол берілгені мәлім болды. Әскери қызметке іріктеу талаптарына сай келмейтін азаматтар да шақыру алған. Осыдан кейін Хабаров өлкесінде мобилизацияға іліккендердің тең жартысы үйіне оралды. Ал қолына қару ұстаудан бас тартқан мыңдаған ресейлік шетел асып кетті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06