Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері Жапон теңізіне қарай 4 зымыран ұшырды
Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері Жапон теңізіне қарай 4 зымыран ұшырды. Сынақ Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды ұшыруына шұғыл жауап ретінде өткізілген. Яғни осы арқылы Вашингтон мен Сеул Пхеньянның арандатушылығын тежей алатын мүмкіндігін көрсетті. Еске салсам, Солтүстік Корея қазанның 4-і күні баллистикалық ракета ұшырды. Аппарат Жапония үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитқа барып құлаған. Бұл әрекет халықаралық қауымдастықтың сынына ұшырап отыр. Құрама Штаттар Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен осы оқиғаға байланысты отырыс өткізуді сұраған. Алайда оған Қытай мен Ресей қарсы болып отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06