Семейде «Сергек» жүйесі толық іске қосылды
Семейде «Сергек» жүйесі толық іске қосылды. Осы айдан бастап жол ережесін бұзғандар айыппұл төлей бастайды. Бұл жүйе жылдамдықты асырған, бағдаршамның қызыл түсіне өткен, дұрыс бұрылмау мен «тоқта» белгісінен асып кеткендерді автоматты түрде анықтайды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтамаған тұрғындар да назардан тыс қалмайды. Шаһарда 1551 камера толықтай жұмыс істеп тұр. Олар негізінен көлік ағыны көп көшелер мен биік ғимарттардың төбесіне орнатылған. Ереже бұзушылардан түскен айыппұл қазынаға құйылады.
Рүстем Елубаев, «Көркем телеком» ЖШС филиалының директоры:
775 камера, қоғамдық тәртіп бұзушылықты бақылайды. 776 камера жол ережелерін сақтамағандарды анықтайтын болады. Оның ішінде жол жүру ережесін бұзғандарға автоматты түрде айыппұл белгілейтін 114 орын орнатылған.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Alemcredit.com арқылы халықты алдағандар анықталды
07.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00