Семейде делдалсыз азық-түлік өнімдері сатылатын арзан базар ашылды
Семейде делдалсыз азық-түлік өнімдері сатылатын арзан базар ашылды. Өңірде бағаны тұрақтандыруға бамстамашы болған жергілікті кәсіпкер мұнда алыпсатарларға жол жоқ, дейді. Сауда орнында шаруашылықтар делдалдарға ұрынбай, өнімдерін өздері саудалайды. Базар халық ең тығыз орналасқан ауданда ашылды. Кәсіпкер қаңырып бос жатқан алаңды өзі жөндеп алған.
Тілнәр Тиыштыбекқызы, қала тұғыны:
Енді ауылдағы еңбектенген ағайындардың еңбегі ғой. Баға қымбат емес. Риза болып жатырмыз. Сарымсақ 85 теңге дейді. Енді қазір базардың өзінде 150 теңге. Жақсы-жақсы еттер сатылып жатыр. Бағалары жақсы.
Ерлан Өміржан, кәсіпкер:
Шаруа қожалықтарына ешбір делдалсыз, өздерінің өнімдерін сауда сөрелеріне түсіруге жағдай жасап отырмыз. Өңіріміздің жақсы дамуы үшін, әртүрлі салада әр азамат өз үлесін қосуы керек. Сол себептен де біздің үлесіміз, осы сауда-саттықта арзан азық-түлік сөрелерін көбейту.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06