Жетісу облысында жыл басынан бері 400-ден астам жол апаты болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жыл басынан бері 400-ден астам жол апаты болған

28.09.2022

Жетісу облысында жол апаттары тым жиілеп кеткен. Жыл басынан 400-ден астам апат болып, 111 адам көз жұмды. 700-ге жуығы- түрлі дене жарақатын алған. Әсіресе, Алакөл ауданында көліктердің соғылуы мен аударылуы көбейген. Себебі демалу маусымы кезінде туристер саны артады. Сондықтан прокурорлар дабыл қағып отыр. Жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақыратын түрлі акциялар ұйымдастыруда. Жол апатында қираған көліктерді тиеген арнайы техника-- Үшарал қаласы мен жақын маңдағы елді-мекен көшелерімен жүріп өтті. Мақсат - көлік иелерін бір сәтке болсын ойландырып, өзінің және жақындарының өмірі үшін жол ережелерін бұзбауға ықпал ету. Бір ғана Алакөл ауданында биыл 30-ға жуық жол апатынан 26 адам көз жұмған.

Ерлан Қасымбаев, Алакөл ауданының прокуроры:

 Жаз уақытында жол оқиғасы өте көбейіп кетеді. Өйткені бізге келушілер өте көп. Оның ішінде кеш шығады жолға, жол ережелерін сақтамауы, ішіп алып айдауы, масаң күйде соның бәрі әсер етеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу