Солтүстік Қазақстанға Ресейден келуші азаматтардың легі біршама бәсеңдеді
Бұл жөнінде өңірлік комуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Қыркүйектің 21-і мен 25-і аралығында еліміздің теріскейдегі шекарасы арқылы 30 мыңға жуық азамат келген. Олардың 64-і Петропавлда уақытша тұруға рұқсат алды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер саны біршама көбейгені байқалады. Дегенмен ұзын-сонар кезек жоқ. Жергілікті полицейлер адам көп жиналатын орындарда кезекшілікті күшейтті. Шекара қызметінің мәліметінше, Ресей тарапы әскери міндеті бар азаматтардың федерация аумағынан шығуын бақылауға алған.
Дәурен Жандарбек, СҚО әкімінің орынбасары:
Ресейден келгендердің 20 мыңға жуығы 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар. Яғни жолаушылардың басым бөлігінің Ресейдегі мобилизацияға қатысы жоқ деген сөз. Біздің облыс транзиттік өңір. Сондықтан көпшілігі бір күн түнеп, ары қарай кетеді.
Эльмира Қаленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08