Биыл егін былтырғыдан 30 пайызға көп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл егін былтырғыдан 30 пайызға көп шықты

27.09.2022

Биыл егін бітік шықты. Орташа түсім гектарына 13 центнер көлемінде айналды. Бұл былтырғыдан 30 пайызға көп. Қазірдің өзінде елдің бірқатар өңірінде күзгі жиын-терім аяқталды. Жалпы, 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр. Ендігі міндет – өнім сапасын түсіріп алмау. Үкімет басшысы жауаптыларға астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп шұғыл әрекет етуі керек. Әрі келер жылға қажетті астық тұқымын да ұмытпаған жөн.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап, астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етсін. Өңір әкімдері өнімнің астық қоймаларына уақтылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстасын. Келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керек.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу