Қазақстанда «Ұлттық фильм» термині енгізіледі
«Ұлттық фильм» термині мен кино саласын қаржыландырудың жаңа моделі енгізіледі. Сенат отырысында депутаттар «Кине-матогрАфия туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Құжат аясында аталған саланың материалдық-техникалық базасын сақтау мен дамытуды жүйелендіру тетіктері қарастырылған. Балалар анимациялық және отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды мемлекеттік қолдау қарастырылған. Отандық киноиндустрияны дамыту мен инвестиция тарту мақсатында Ұлттық кинокомиссия құру жоспарланып отыр.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері 70 пайызы тарихи, патриоттық және имидждік, 30 пайызы жеке жобаларды, оның ішінде, дебюттік фильмдерді қаржыландыруға бюджет қаражатын қоғамдық маңызы бар шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға бағыттауға ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25